59 756 АЗАМАТ ПТР ТЕСТ ТАПСЫРҒАН

59 756 АЗАМАТ ПТР ТЕСТ ТАПСЫРҒАН
«Covid-19» инфекциясымен күрес облыс орталығында қарқынды жүзеге асырылуда.
Күнделікті мобилдік топтың рейдтік тексеру жүргізу барысында 2021жылдың тамыз айының нәтижесі бойынша жалпы араланған нысандар - 20881 құраған.
Толтырылған хаттама - 840.
Ал, індетпен күрестегі вакцинациялау нәтижесіне сәйкес, I-ші компоненттің вакцинасын ектіргендер – 82 194 адам болса, II-ші компонентті – 51 631 азамат қабылдады.
Қазірде «Hayat Vax», «Sputnik V» вакциналарынан бөлек, «Sinovac» вакцинасы егілуде.
Соңғы статистикаға сай, қыркүйекте «COVID-19» диагнозымен тіркелген науқастар саны–128, пневмония диагнозымен науқастар тіркелмеген.
Жыл басынан бері 59 756 адам ПТР тест тапсырып, денсаулығын тексерді.