АКТЕРЛАР ҮЙІНІҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРАШАДА АЯҚТАЛАДЫ

АКТЕРЛАР ҮЙІНІҢ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРАШАДА АЯҚТАЛАДЫ
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков актерлар үйіне қатысты мәселе көтерілген соң арнайы барып, тұрғындармен кездесуді жөн санады.
16 отбасын паналатқан бұл баспананың хал-жағдайымен Нұрбол Әбдісаттарұлы қаланың өзекті мәселелері бар аумақтарды аралап көру барысында танысқан болатын. Жөндеуден өткізу үшін жобалау және құжаттандыру жұмыстарын жүргізуді де тапсырған. Бұл бағыттағы шаруалар аяқталуға таяу.
Атқарылатын жұмыстарды жеткізген қала әкімі:
- Заң аясында біз жұмыстардың мерзімінде әрі сапалы аяқталуын өз бақылауымызда ұстайтын боламыз. "Келісіп пішкен тон келте болмайды" демекші, бүгін келіп Сіздердің де пікірлеріңізді тыңдағым келді, - деді. Кездесу барысында айтылған өтініштердің заңдылығы сараланып, мүмкіндігінше назарға алынатынын да атап өтті.