КЕПТЕЛІСТІҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ҚОСЫМША ЖОЛДАРДЫ АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

КЕПТЕЛІСТІҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ҚОСЫМША ЖОЛДАРДЫ АШУ ЖОСПАРЛАНУДА
Түркістан қаласында кептелістің алдын алу үшін қосымша жолдарды ашу жоспарлануда. Атап айтқанда, бүгін «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» тарапынан О. Жарылқапов және Тыныштықұлов яғни, айналма жолға дейінгі аралықта кептеліс туғызбас үшін қосымша жол ашу ұсынысы айтылды. Аумақтағы көлік қозғалысын бақылаған шаһар басшысы ұсыныс оң нәтиже беретінін айтып, жұмысты жақын арада бастауды тапсырды. Бөлім тарапынан іске асар жұмыстар қыркүйек айы ішінде басталады деп күтілуде.
​Сонымен қатар, Н. Әбдісаттарұлы Елекеев көшесіндегі жаңа саябақты көру барысында келушілер үшін автотұрақ болу қажеттігін ескертті. Жалпы, 0,71 гектар аумақты құрайтын саябақта 150 түп тал, көпжылдық гүлдер, жарықшамдар мен орындықтар, субұрқақтар және балалар ойын алаңшасы мен футбол алаңы салынған. Қала әкімі одан өзге, Керей хан көшесі бойындағы скверде қураған шөптерді тазартып, суғару жүйесін кестеге сай уақытылы жүргізуді тапсырды.
​Облыс орталығындағы демалыс орындарының келушілер үшін ыңғайлы, жайлы болуы үшін күтім күнделікті жүргізілуі тиіс. Әсіресе, аумақтағы көгал, жасыл-желек талапқа сай өсіп, тазалығы үнемі назарда болуы Нұрбол Тұрашбековтың тарапынан қатаң түрде ескертілді.
Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі