МОБИЛЬДІ ТОП МҮШЕЛЕРІ 97 НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ

МОБИЛЬДІ ТОП МҮШЕЛЕРІ 97 НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ
Түркістан қаласындағы індет таралуының алдын алу жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда. "Сары аймаққа" енген Түркістан облысында карантин талаптарының сақталуы қатаң қадағалануда. Атап айтқанда, қала әкімдігі мен полиция қызметкерлері құрамына енген 10 мобильді топ күнделікті таңғы уақыттан бастап бақылауда. Талаптарды бұзған жайт бойынша хабар берілсе, жұмыстар түнгі уақытта да жалғасады.
Кезекті мониторингтік жұмыстың түнгі қадағалауы барысында 97 нысан араланып, шекті уақыттан асып жұмыс жасағаны үшін балмұздақ дүкеніне, "Жұлдыз" кафесі шара өткізгені үшін хаттама толтырылды. Айта кетерлігі, облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің Қаулысына сәйкес жұмысы тоқтауы тиіс нысандардың әрекеті белгілі болып, кәсіп иелеріне ескертулер берілуде.