Т. БОКИН КӨШЕСІНДЕГІ ҮЙЛЕРДІҢ ГАЗҒА ҚОСЫЛУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Т. БОКИН КӨШЕСІНДЕГІ ҮЙЛЕРДІҢ ГАЗҒА ҚОСЫЛУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
​Бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков Т. Бокин көшесінде орналасқан екі қабатты 18 үйді аралап, алдағы жылу маусымына дайындығын көрді. Түркістан қаласы бойынша жүргізілген газ құбырларын тиімді пайдалану мақсатында тұрғындардың газға қосылуының маңыздылығы және аталған үйлерде тұратын отбасыларға да қыс мезгілінде жайлы болуы және қатты отын түрін қолданып, экологияға кері әсер етпеу үшін барынша тиімді әдістерді қолдану қажеттігі айтылды. Осы мақсатта, қалалық мәслихат депутаттарының бастамасымен жылу қазандығы қойылып, алдымен пилоттық режимде жұмыс тәсілін көрмек.
​Сонымен қатар, шаһар басшысы «Тұран» тұрғын үй массиві, Қаратау көшесіндегі төселген асфальттің сапасын тексерді. Жалпы, аталған аумақта 53,5 шақырымды құрайтын 40 көшеге тас төсеу жоспарланған.
Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі