МОБИЛЬДІ ТОП МҮШЕЛЕРІ 50 НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ

МОБИЛЬДІ ТОП МҮШЕЛЕРІ 50 НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ
Түркістан қаласындағы індет таралуының алдын алу жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда. "Сары аймаққа" енген Түркістан облысында карантин талаптарының сақталуы қатаң қадағалануда. Атап айтқанда, қала әкімдігі мен полиция қызметкерлері құрамына енген 10 мобильді топ күнделікті таңғы уақыттан бастап бақылау жүргізуде. Талаптарды бұзған жайт бойынша хабар берілсе, жұмыстар түнгі уақытта да жалғасады.
Кезекті мониторингтік жұмыстың түнгі қадағалауы барысында 50 нысан араланып, тексерілді. Айта кетерлігі, облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің Қаулысына сәйкес жұмысы тоқтауы тиіс нысандардың әрекеті белгілі болып, кәсіп иелеріне ескертулер берілуде.