760 БАЛАҒА ДЕМАЛЫС ЛАГЕРІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

760 БАЛАҒА ДЕМАЛЫС ЛАГЕРІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының біріккен бұйрығына сәйкес, Түркістан қаласының Адами капиталды дамыту бөлімі биыл 760 балаға жазғы демалыс лагерін ұйымдастырды.
Лагер Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округі, «Құшата» елді мекенінде орналасқан. Балалардың жазғы сауықтыру демалыс лагері 2021 жылдың 18 маусымынан бастап іске қосылған болатын. Демалыс лагері 5 ауысымда 10 күн жұмыс істейді. Отбасы жағдайы тұл жетім, жартылай жетім, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары үшін лагерге тегін жолдама берілген.
Айта кетерлігі, жазды демалыс кезінде балалар қуанышы үшін ұйымдастырылған демалыс орнында барлық карантин режимінің талаптары қадағаланып, індет таралуының алдын алу мақсатындағы жұмыстар ұйымдастырылды.