МОБИЛЬДІ ТОП МҮШЕЛЕРІ 208 НЫСАНДА КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

МОБИЛЬДІ ТОП МҮШЕЛЕРІ 208 НЫСАНДА КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН ҚАДАҒАЛАДЫ
Түркістан қаласындағы карантин шараларының сақталуы қатаң қадағалануда. Рашид Абатұлының өкімімен құрылған 6 мобильді топ мүшелері бүгін қаладағы бес мөлтек аудан бойынша 208 нысанды аралады. Аралау барысында сауда орталықтары, мейрамханалар, қонақ үй, дәріханалар, супермаркеттерде карантин режимінің сақтық шаралары тексерілді.
Сонымен қатар, тұрғындардың маска режимі мен әлеуметтік арақашықтықты сақтауы, нысан ішіндегі антисептик, термометрдің орналасуы сынды карантин талаптарының сақталуын Түркістан қалалық ақсақалдар алқасы мүшелері де тексеріп, карантин шараларын сақтау керектігі насихатталды.
Айта кетейік, топ мүшелері құрамында учаскелік полиция инспекторлары, дербес бөлім мамандары, ақсақалдар алқасының өкілдері және мөлтек аудан төрағалары бар. Олар күнделікті екі ауысыммен нысандарды қадағалап, түнгі уақытта да індет таралуының алдын алу мақсатында шаралардың сақталуын тексеруде.