ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА БАӘ-ДА ШЫҒАРЫЛҒАН 800 ДОЗА "HAYAT-VAX" ВАКЦИНАСЫ ЖЕТКІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНА БАӘ-ДА ШЫҒАРЫЛҒАН 800 ДОЗА "HAYAT-VAX" ВАКЦИНАСЫ ЖЕТКІЗІЛДІ
Түркістан қаласына коронавирусқа қарсы күреске 800 доза "Hayat-vax" вакцинасы жеткізілді. Қазірде қаладағы арнайы құрылған 10 нүкте мен жылжымалы 2 нүкте арқылы ерікті түрде және тегін вакцинациялау жүріп жатыр.
Бұдан алдын әкелінген Sputnik-v мен Kazcovid-in вакциналарының 15 925 дозасы салынып үлгерген. Оның I компонентін - 11985 адам, II компонентін - 3940 адам ектірген. Қала тұрғындары жұмыс күндері, 9:00-20:00 аралығында ерікті түрде тегін екпе салдыра алады. Екпе егу орындарының мекен-жайлары мен байланыс нөмірлерін қала әкімдігінің ресми парақшалары арқылы білуге болады.