ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 1337 ОҚУШЫ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ҚАТЫСАДЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 1337 ОҚУШЫ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ҚАТЫСАДЫ
Биыл Түркістан қаласында 1337 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Тестілеу карантиндік шараларға байланысты "U-FUTURE" ЖШС-нің базасында өткізіледі. 2 аудиторияда 100 орын дайындалып, барлық сақтық шараларының сақталуы қатаң қадағаланады.
Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес шараны ұйымдастырушылар мен оған қатысушылар арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу мен карантин режимі талаптарын сақтау қатаң ескерілетін болады.
ҰБТ-ға қатысушыларға ғимараттың кіреберісіндегі зарарсыздандыру өтпелерінен өту, әлеуметтік қашықтықты сақтап, медициналық бетперде мен бір реттік қолғаптар кию ескертіледі. Сонымен қатар, тестілеу кезінде қол алысуға, тікелей байланысқа жол беруге болмайды. Тест өтетін аймақта ата-аналар немесе басқа да азаматтардың жүруіне болмайды. Айта кетейік, елімізде ҰБТ тапсыру сәуірдің 15-30 маусым аралығында өткізіледі.