АСҚАР МАМИН "FARAB” КІТАПХАНАСЫ МЕН ДРАМА ТЕАТРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

АСҚАР МАМИН "FARAB” КІТАПХАНАСЫ МЕН ДРАМА ТЕАТРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев "FARAB” ғылыми-әмбебап кітапханасы мен Түркістан музыкалық драма театрының жұмыс барысымен танысты.
Білім іздеген оқырмандарға арналған 400 орындық оқу залында 250 мыңнан астам кітаптан құралған кітапхана қоры күтуде. Ізденімпаз келушілер жаңашыл ортамда заманауи техникаларды қолдана отырып, ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндігіне ие болмақ. Елбасы жобасына - Түркістанды қайта жаңғыртуға өз үлесін қосқан Шымкент қаласының сыйы қарапайым кітапхана ғана емес, басқа да сала бойынша азаматтардың біліктілігін арттыруына мүмкіндік беру мақсатында жасақталған. Киноиндустрия саласына қызыққан азаматтарға арналған студиялар, IT мамандығын көздегендерге арнайы аймақ, қолөнерге жақын азаматтарға ерек шеберханалар мен қолөнер дүкендері де қарастырылған. Үшінші қабат әлем және қазақ ақын-жазушыларының, ғұлама-ғалымдарының еңбектері, күнделіктері және естеліктерімен толықтырылған. Өте сирек кездесетін кітаптар мен монускриптілердің қоймасы бар бұл ғимаратта құнды дүниелерді қайта қалпына келтіріп, цифрландыру арқылы сақтап қалуға болады.
Сонымен қатар, Үкімет басшысы Асқар Ұзақбайұлы жергілікті Музыкалық драма театрдың жұмысымен танысты. 11 000 шаршы метр аумақты қамтитын театрдың көрермен залында 511 орындық қарастырылған. Бұдан өзге, балет, оркестр, хор дайындық залдары, музыкалық жазба студиясы, актерлар мен балет бишілеріне арналған гримм жабдықтау бөлмелері де бар.
Одан өзге, Үкімет басшысы рухани шаhарға жасаған іссапары аясында инвесторлар тарапынан іске асып жатқан біршама нысанның қазіргі жұмысын бақылады.