КӨКТЕМ - 2021 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ ШТАБТЫҚ ОҚУ - ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

КӨКТЕМ - 2021 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ ШТАБТЫҚ ОҚУ - ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов Көктем-2021 Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу жиынына қатысты. Шаhар басшысы ұшақ алаңына жиналған жедел ден қою жасағының дайындығын көрді.
Оқу-жаттығуға Түркістан қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, Жедел жәрдем станциясы, Түркістан автокөлік жолдар қызметі, Жылу, Түркістан-Су, Авариялық газ қызметі, Қазақтелеком, ОңтүстікЖарықТранзит, жергілікті Полиция және Төтенше жағдайлар басқармасы мен Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары (СЭС) қатысты. Атап айтқанда, жалпы саны 36 техника жұмылдырылып, 153 адам мен 18 топ төтенше жағдайға азаматтық қорғау қызметтері мен жедел ден қою жасағының дайындығын көрсете білді.