ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРА ҚАЛАЛАРЫ ТІЗІМІНЕ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАНДЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРА ҚАЛАЛАРЫ ТІЗІМІНЕ РЕСМИ ТҮРДЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
Түркістан қаласы Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымына (ДМҚҰ) ресми түрде қабылданды.
Түркістан қаласындағы әлем көз тіккен көк күмбезді Қожа Ахмет Ясауи кесенесі енді туристердің қызығушылығын одан да арттырмақ. Күн сайын гүлденіп келе жатқан шаhардың Дүниежүзілік ұйымға мүше болуы - қала статусын арттырып, жергілікті тұрғындарға ерекше қуаныш сыйлайды. Жалпы, аталған ұйым 1993 жылы 8 қыркүйекте Фес қаласында (Марокко) құрылған болатын. Ұйым Дүниежүзілік мұра объектісін қалалық басқаруға қатысты барлық мәселелер бойынша ұжымдық кеңес болып табылады және өз аумағында ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген 300-ден астам қалалармен байланысады. Бұл қалалардың барлығында жалпы 164 миллионнан астам адам тұрады.
Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымы (ДМҚҰ) мүше қалаларға ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізудің нақты талаптарына сәйкес бейімделуге және оларды басқару әдістерін жетілдіруге көмек көрсетеді.
Осы мақсатта, 2 сәуір күні Түркістан қаласында Еуразияның Дүниежүзілік мұрасы қалаларының X Халықаралық конференциясы өтпек. Бұл конференция Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымының (ДМҚҰ) серіктестігі шеңберінде ұйымдастырылып жатыр.