"КЕРУЕН САРАЙ" КЕШЕНІ АУМАҒЫНДА КАНАЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

"КЕРУЕН САРАЙ" КЕШЕНІ АУМАҒЫНДА КАНАЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ
Қала әкімі Рашид Аюпов шаhарда іске асатын канал жобаларын көрді.
Мердігер мекеме қазіргі уақытта жер бедерін тегістеу және тексеру, қоқыстан тазарту, сондай-ақ, арықтарға демонтаж жасау жұмыстарын жүргізуде.
Жалпы, Б. Саттарханов даңғылынан "Керуен сарай" кешені аумағы аралығында жүретін Р-33 каналының екінші кезеңі 4 км, 620 м құрайды. Оның 2 км абаттандыру жұмыстары жүргізілсе, 2,6 км арықтар орнатылады.
Абаттандыру жұмыстары аясында жарықшамдар, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін, көгалдандыру, вело және аяқжол салу жоспарланған. Канал нәтижесінде аумаққа су беріліп қана қоймай, қала климатына оң әсер етіп, шеткі аумақта шаруалар үшін су жіберу мүмкіндігі болады.
Жалпы, су сыйымдылығы секундына 300 литр суды құрайды. Жобаға сәйкес, мамыр айының соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.