КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ
Рашид Абатұлының төрағалығымен барлық дербес бөлімдер және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшыларымен жиналыстар өтті.
Жиын барысында бюджетті игеру, электр желілерін жаңарту және қалпына келтіру, каналдар құрылысы, сондай-ақ, көктемгі су тасқынына даярлық барысы талқыланды.
Қала әкімі электр желілерінің алдағы уақытта істен шықпай, сапалы электр қуатын беруі үшін апаттыларын жөндеуге қатаң тапсырма берді. Қаладағы 979 трансформатордың 100-і жөндеуді талап етеді. Ол үшін қажетті материалдар "Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі" тарапынан алынатын болады. Сондай-ақ, жаңа 8 трансформатор алынып, ол толығымен жарамсыз болып қалған трансформаторлардың орнын ауыстыру үшін қолданылады.
Одан өзге, Рашид Абатұлы алда көктемгі су тасқынын апатсыз өткізу бойынша қажетті техникалар мен қолға алынар шаралардын дайын болуын "Төтенше жағдайлар басқармасына" тапсырды. Осы мақсатта, алдағы жұма күні дайындық барысы тексерілмек.