2020 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 1510 ЖЕР ҚАУЛЫСЫ ШЫҚҚАН

2020 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 1510 ЖЕР ҚАУЛЫСЫ ШЫҚҚАН
Өткен 2020 жылы Түркістан қаласында жалпы саны 1510 Қаулы шығып, иелеріне берілген.
Қараша айының ортасында қала әкімі Рашид Аюпов жер Қаулысын шығару процедурасын оңтайландырып, 11 адамнан орындаушыны қосқанда 4 адамға қысқартуды тапсырған болатын. Тапсырма дер кезінде орындалып, әр аптаның дүйсенбісінде Рашид Абатұлының төрағалығымен, жауапты азаматтардың қатысуымен әкімдік мәжілісі өтіп келеді. Қаулының қараша-желтоқсан айлары аралығында, яғни оңтайландырылған жүйеден соң шыққаны 405-ті құрайды.
Нәтижесінде, жер учаскесіне жеке меншік құқығы, уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы, нысаналы мақсатын өзгерту және бас тарту бойынша дауыс беру арқылы Қаулылар бірауыздан қабылданып, Түркістан қаласы әкімдігінің "Халықтық кеңсесі" тарапынан иелеріне тапсырылды.