294 ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

294 ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Түркістан қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде ерекше мұқтаждығы бар қала тұрғындарына оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетілуде.
Атап айтқанда, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтің: "инватакси" қызметі, жүріп тұруы қиын азаматтарға жеке көмекші тағайындау, азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету үшін міндетті гигиеналық құралдармен жабдықтау сынды көмек түрлері ұсынылған.
Сауықтыру орындарында 787 ерекше қажеттілігі бар азамат санаторий-курорттық еммен қамтамасыз етілген. Және 135 ерекше қажеттілігі бар адамды жұмыс орынына орналастыру жоспары жасалып, нәтижесінде 294 азамат жұмысқа орналасқан.
Онымен қоса, ерекше қажеттілігі бар азаматтарды арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылуда.
Жалпы, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде 25 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасауда. Олардың үйде әлеуметтік көмек көрсету секторындағы 6 қызметкері жеке басты қарттарды күтушілер, 17-і ерекше қажеттілігі бар балаларды күтушілер. Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 1 үкіметтік емес ұйым ( 62 ерекше қажеттілігі бар балаға) күндізгі бөлімшеге арнаулы әлеуметтік қызметтер алу үшін жолдама берілді. Қазіргі уақытта әлеуметтік көмектің жұмысы арттырылып, "Кедергісіз келешек" жобасы аясында мүмкіндігі шексіз жандарға жаңа мүмкіндіктер қарастырылмақ.