ҚАР ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚАР ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Түркістан қаласында көшелерде жиылған қар үйінділерін тазарту және көктайғақтың алдын алу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.
Кеше 16:00-ден бері жауа бастаған қар таңғы 4:00-ге дейін жалғасып, жауған қар көлемі 6 см құрады.
Қар жауған сәттен бастап "Жасыл арман", "Жасыл Түркістан" және "Түркістан жарық-тазалық" мекемелерінің 500-ге жуық қызметкері жұмылдырылды. Сондай-ақ, техникалар да жол қозғалысындағы қауіпсіздіктің алдын алу бойынша инертті материалдар мен тұз сеуіп, жұмыс жүргізуді жалғастыруда.
Жолдар, қиылыстар жолайрықтарда қар үйінділері тазартылып жатса, көлік қозғалысы жиі қатынас жасайтын көше бойларында көктайғақтың алдын алатын материалдар себіліп жатыр.
Көшелерден өзге аялдамалар, саябақ, сквер, аллеялар және аяқжол мен веложолдар жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болуы үшін тазартылуда.