Айта кетейік, қала бойынша 50 сайлау учаскесі құрылған. Олар білім ошақтары, балабақшалар мен мектептерде орналасқан. Қалалық филиал төрағасы Рашид Аюпов сайлау учаскелерінің сайлаушылар үшін тиімді болуын ерекше назарына алып, жұмыс барысын бақылап тұрған болатын. Ендігі, кешкі 20:00-ге дейін сайлау науқаны жалғасатын болады. Егер де, өз сайлау учаскеңізді білгіңіз келсе,
www.2021sailau.gov.kz сайтынан немесе 109 - Бірыңғай байланыс орталығы, sailau2021@iturkistan.kz электронды поштасы, сондай-ақ, tur.saylaw.kz сайты мен @tur_saylaw_bot Телеграм-боты арқылы біле аласыздар.