БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР АЙТЫЛДЫ

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР АЙТЫЛДЫ
БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур - қала әкімінің қатысуымен пресс-конференциясы ретінде жалғасын тапты. Рашид Аюпов алдымен қалада цифрландыру бойынша іске асқан жобалар жайлы жан-жақты мәлімет айтып өтті.
“2019 жылы әкімдік тарапынан біршама цифрландыру бойынша жоба басталған болатын. 2020 жылы да жалғасын тауып, біршама нәтижеге қол жеткіздік. Біріншісі, 2019 жылы білім саласы бойынша атқарылды. Яғни, балаларды балабақшаға, мектепке қабылдау мен мұғалімдер мен білім беру саласы қызметкерлерін жұмысқа электронды жүйеде қабылдау болатын. Қазір де ол жүйе біршама көрсеткіштерге жетіп, білім саласындағы жұмыстарды оңтайландыруға мүмкіндік беріп келеді. Ендігі, Министрліктің шешіміне сәйкес, білім мен спорт саласы қаңтар айының соңына дейін облыстық басқармаға берілетін болады.
2019-да бастаған қалаға камера қою жүйесі де былтыр әрі қарай жалғасын тапты. Әкімдік тарапынан қойылған 300-ден астам камера қазір де қызмет етіп тұр. Тек жол ережесі емес, кез келген заңсыз әрекеттер болса, полиция анықтап тиісті мекемеге жолдап отырады. Алдағы уақытта оның аналитикасын көбейтіп, базасын дамыту ойда бар. Одан өзге, 2021 жылға қосымша 300 камера әкімдік тарапынан орнатуды жоспарлаудамыз.
Жаңа жобаларамыздың бірі - Түркістан қаласындағы “109 - Бірыңғай байланыс орталығын” өңір басшысы Өмірзақ Естайұлы облыстың әр аудандарында да құру бойынша тапсырма берді. Біз де ақпан айынан бастап қызметкерлердің біліктілігін жетілдіре, тәжірибе жинақтатып, жұмыс сапасын арттыратын боламыз.
Себебі, тұрғындардың әр өтініміне мардымды жауап қайтарудың маңызы зор. Ол одан өзге, жауапты мекеменің, дербес бөлім басшысының, орынбасарлардың және әрине менің жұмысыма баға беріледі.
Тағы бір маңызды бағыт - Халықты жұмыспен қамту орталығы. Бүл бірегей жүйені енді кез келген азамат www.Turkistan2020.kz сайты арқылы ашық көре алады. Неге бұл жерде десеңіз, көп қызмет түрі көрсетіледі, адам көп шоғырланады және сыбайлас жемқорлық бойынша да келетін шағымдар бар. Мұнда біз жасанды интеллект пайдаландық", - деген Рашид Абатұлы құрылыс, газ, жол мәселесі бойынша журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.