Рашид Абатұлы "Асар" еріктілер ұйымы мен "Тайқазан" қайырымдылық қорының бірігуімен ашылған "Тайқазан" әлеуметтік үйінің жұмыс барысын көрді.
"Еріктілер жылының" қорытынды уақытында ашылған "Тайқазан" әлеуметтік үйі 5 бағыт бойынша жұмыс істейді. Атап айтсақ, азық-түліктер, киім-кешектер, мұқтаж отбасы балаларының оқуына жеңілдіктер мен грант алу және баспанасы жоқ отбасыларға баспана не жер телімін алу бойынша көмек көрсету мен жұмыспен қамту бойынша ықпал ету. Мұндағы заттар мен көмектерді әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар ала алады.
Сондай-ақ, "Мейірімді сана" қоғамдық бірлестігі арқылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға заң тұрғысынан және мемлекеттік көмектер алу бойынша көмек беріледі.
"Мейірімді Сана" мен "Тайқазан" қоры өз кезегінде Рашид Абатұлына "Жыл жанашыры" медалін табыс етіп, жастар мен еріктілерге қолдауы үшін алғыс айтты. Сонымен қатар, ұйым төрағасы Төребай Асқарұлы жылды қорытындылай келе, Мақтааралдағы жағдай мен пандемия кезіндегі жағдайда ерікті түрде көмек көрсеткен жандарға медаль тақты.
Қосымша сауалдарыңыз болса, @asar_volunteers парақшасына жолдауларыңызға болады. Мекен-жайы: Базар аумағы, жертөле алдындағы аллеяда.