"ТҮРКІСТАН" ГАЗЕТІ КЕЛЕР ЖЫЛЫ ЖАҢА ҚОНЫСҚА КӨШЕДІ

"ТҮРКІСТАН" ГАЗЕТІ КЕЛЕР ЖЫЛЫ ЖАҢА ҚОНЫСҚА КӨШЕДІ
Бүгін Рашид Абатұлы және зиялы қауым өкілдері "Түркістан" қалалық газетінің 90 жылдық мерейтойына орай өткен "Тарихқа толы 90 жыл" кітабының тұсаукесеріне қатысты.
Шаһар басшысы өз сөзінде: "Жас кезімде мен де типографияда қызмет еткенмін. Жұмысы оңай емес, қаншама еңбек пен төзімділікті талап етеді. Газеттің қызмет етіп жатқанына бүгінде ғасырға жуықтады. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы қаланың жаңа логотипін жасағанда ұжыммен бірлесіп, газеттің де дизайнын өзгерттік. Ендігі айтарым, өңір басшысы Өмірзақ Естайұлының бастамасымен жаңа жылдан кейін Алматы қаласының Түркістан қаласына тартуы "Алатау" медиа орталығынан газетке жаңа орын бермекпіз. Әлі де қаланың жылнамасын жазып жатқан басылымды қолдайтын боламыз. Мерейтойларыңыз құтты болсын!, - деген жүрекжарды лебізін білдіріп, ұжымға алғыс хаттар мен сый-сияпаттарын ұсынды.
Айта кетейік, газет алғаш 1930 жылы 4 қазанынан бастап "Қызыл Түркістан" деген атпен жарыққа шыққан болатын. Осы күнге дейін де газет атауы бірнеше рет өзгеріске түсті. Мәселен, 1962 жылдың 1 мамырынан "Коммунистік еңбек", ал 1991 жылдан бастап "Түркістан" газеті болып шығып келеді.
Мерекелік шара БАҚ өкілдері арасында өткен тоғызқұмалақ ойынымен жалғасып, арнайы дайындалған бейнероликтер көпшілікке ұсынылды.