Сенбілік жұмыстары Ы. Исмайлов, Шойынбет би, Одақтақ, Т. Қайратов, С. Жарылқапов, Р. Сейітметов, Байылдыр, Арыс, Жабағылы, Келіншектау, Бөген, Құлтөбе, Т. Айменов, Үш төбе, Тұран, С. Ыбыракимов, Құдас Жүнісбеков, Қойлық, Рысқұлов, Қалдаяқов, Отырар, Дәулет және Сапарбай болысы көшелерінде, сондай-ақ бірқатар бұрылыс аумақтарында жүргізілді.
Түркістанның таза, көрікті әрі жайлы қала болуы – баршамызға ортақ жауапкершілік. Осы ретте қала тұрғындарын қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, тазалықты сақтауға, қоқысты белгіленбеген орындарға тастамауға және қаланың көркеюіне өз үлесін қосуға шақырамыз.