СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ
Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Жиында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар, комплаенс офицерлерінің қызметі және 2026 жылы жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары қаралды.
Сонымен қатар, коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметіне жүргізілген аудит нәтижелері талқыланып, анықталған қаржылық және рәсімдік бұзушылықтар бойынша қабылданған шаралар қаралды.
Комиссия тарапынан ішкі бақылауды күшейту, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету және аудит ұсынымдарының орындалуын бақылауға алу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Отырыс барысында бірқатар бөлімдердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен жүйелі кемшіліктер де сөз болды. Бөлім басшыларына анықталған тәуекелдерді жою, мүдделер қақтығысын реттеу, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.