ТҮРКІСТАНДА «VOICE OF TURAN – 2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА «VOICE OF TURAN – 2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ
Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде халықаралық «Voice of Turan – 2026» қазақ әндері фестивалі басталды.
Биыл жетінші рет ұйымдастырылып отырған мәдени жобаға Франция, Испания, Италия, Бразилия, Мексика, Грузия, Армения, Қырғызстан және өзге де елдерден өнерпаздар қатысуда.
Фестивальдің басты мақсаты – қазақ ән өнерін халықаралық деңгейде насихаттап, ұлттық музыканың әлемдік мәдени кеңістіктегі орнын айқындау және Түркістанның түркі әлеміндегі рухани-мәдени орталық ретіндегі мәртебесін кеңінен таныту.
Екі күнге жоспарланған фестиваль аясында «Zhibek zholy әуендері» гала-концерті, «Жұлдызды жұп» кезеңі және «Қазақ әні» байқауы өтеді.
Сондай-ақ халықаралық өнерпаздар мен танымал қазақстандық әншілердің қатысуымен түрлі мәдени бағдарламалар ұйымдастырылады.
Фестиваль ұлттық өнерді дәріптеп, түрлі елдердің шығармашылық өкілдерін бір сахнада тоғыстыратын ірі мәдени алаңға айналмақ.