Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауын өткізді.
Қабылдауға алдын ала жазылған 11 азамат қатысып, жер учаскелерін заңдастыру, қызыл сызық, заңсыз құрылыс, көпқабатты үйлердің қасбеті мен шатыры, әлеуметтік тұрғын үй төлемдері, газға қосылу, тұрғын үй кезегі және жұмыспен қамту мәселелерін көтерді.
Қала әкімі тұрғындардың өтініштерін тыңдап, жауапты сала басшылары мен мекеме өкілдеріне нақты тапсырмалар берді. Заңнама аясында шешімін табатын мәселелер бойынша түсіндірме беріліп, қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер жауапты бөлімдерге жолданды.
Әрбір өтініштің қаралуы мен тапсырмалардың орындалуы бақылауға алынып, мәселелер қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес шешілетін болады.
Айта кетейік, қала әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес әр айдың үшінші сәрсенбісінде өтеді. Қабылдауға «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі немесе Азаматтарды қабылдау орталығы арқылы алдын ала жазылуға болады.