ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕРДЕ КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ ҚАРАЛДЫ

ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕРДЕ КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ ҚАРАЛДЫ
Түркістан қаласы әкімдігінің аппарат басшысы Қуаныш Әлібековтің төрағалығымен орындаушылық тәртіптің сақталуы, тапсырмалардың уақытылы орындалуы, азаматтардың өтініштерін қарау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты мәселелер талқыланған мәжіліс өтті.
Жиынның күн тәртібінде облыс және қала әкімдерінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы, жеке қабылдауда берілген тапсырмалар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің орындалу барысы, халықпен кездесулерде көтерілген мәселелер, «Е-қызмет» жүйесіндегі өзекті мәселелер және комиссиялардың хаттамалық тапсырмалары қаралды.
Мәжілісте облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі барысында көтерілген мәселелердің орындалу барысы талданды. Жалпы 25 тапсырманың 18-і орындалған. Қалған 7 тапсырма бойынша жұмыстардың орындалу барысы қаралды.
Сонымен қатар, Түркістан қаласы әкімінің 23, 24 және 25 маусым күндері қала секторларының тұрғындарымен кездесулері барысында көтерілген мәселелердің орындалуы талқыланды. Барлығы 180 тапсырма беріліп, оның 55-і орындалған, 97 мәселе бойынша заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Жиын барысында азаматтардың жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерін белгіленген мерзімде қарап, әрбір мәселе бойынша нақты әрі сапалы жауап беру қажеттігі атап өтілді.
Сондай-ақ, «Е-қызмет» жүйесіндегі өзекті мәселелер, қызметкерлердің жұмыс уақытына жүргізілетін мониторинг және комиссиялардың хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.
Мәжіліс қорытындысы бойынша жауапты бөлімдерге тапсырмалардың белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз ету, мерзімі өткен мәселелерді бақылауға алу, азаматтардың өтініштері мен халықпен кездесулерде көтерілген мәселелерді сапалы қарау және атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты уақытылы ұсыну тапсырылды.