Түркістан қаласында бүгін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Түркістан қаласында бүгін  бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге 30-ға жуық мекеме мен ұйым қатысып, жұмыс іздеушілерге жалпы 610 бос жұмыс орнын ұсынды.
Ұсынылған жұмыс орындарының ішінде білім беру саласында – 110, құрылыс және техникалық бағыттарда – 95, сауда және қызмет көрсету саласында – 90, медицинада – 85, өндірісте – 80, көлік және логистикада – 70, ауыл шаруашылығында – 35, әкімшілік, қаржы және басқа да бағыттарда 45 бос жұмыс орны қамтылды.