Түркістан қаласының аумағында анықталған заңсыз құрылыс нысандары бойынша заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылдануда. Қалада 87 заңсыз құрылыс нысаны анықталған. Оның ішінде 8 нысан өз еркімен бұзылып, 28 нысанға әкімшілік айыппұл салынған. 22 нысан қарау барысында, 13 нысан бұзу туралы сотқа жолданған.
Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте айтылды.
2022–2026 жылдары қала аумағындағы заңсыз құрылыс нысандарына қатысты 14 сот шешімі шыққан. Оның ішінде 2 нысан бұзылып, 12 нысан сот орындаушысында орындауда тұр.
Заңсыз құрылыс нысандарына қатысты жұмыстар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жалғасуда.