МАНКЕНТ КӨШЕСІНДЕ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

МАНКЕНТ КӨШЕСІНДЕ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, Яссы секторына қарасты Манкент көшесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыстар жол инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған. Көшенің зақымданған және бұзылған учаскелерінде жөндеу жұмыстары атқарылуда.
Жоспарға сәйкес, жол жабыны арнайы техника көмегімен тазартылып, белгіленген технологиялық талаптарға сай асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, биыл Түркістан қаласында жалпы ұзындығы 145,8 шақырымды құрайтын 143 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жол жөндеу жұмыстары қала аумағында кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.