Түркістан қаласында «Қаратау» тұрғын үй кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жоба аясында 5 қабатты 22 тұрғын үй салынып, жалпы 880 пәтер пайдалануға беріледі.
Тұрғын үй кешеніне арналған жер учаскесінің аумағы 8,4 гектарды, ал пәтерлердің жалпы ауданы 49 626,5 шаршы метрді құрайды.
Құрылыс жұмыстарының жалпы орындалу деңгейі 90%-ға жетті. Қазіргі таңда абаттандыру, инженерлік желілердің құрылысы жүргізілуде.
Кешендегі 880 пәтердің ішінде 220-сы – бір бөлмелі, 440-ы – екі бөлмелі, 220-сы – үш бөлмелі пәтерлерді құрайды.
Айта кетейік, 2026 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Түркістан қаласында 125,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде пайдалануға берілген көпқабатты тұрғын үйлердің жалпы ауданы 85,9 мың шаршы метрді құрады. Жалпы жыл басынан бері 1 397 азамат баспаналы болды.