Түркістан қаласындағы 84 мектепте 61 мыңнан астам оқушы білім алуда.
Биыл 5505 бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттады.
Білім күні қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Қазыбек би атындағы №14 жалпы білім беретін мектепте өткен алғашқы қоңырау салтанатына қатысып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады.