Түркістан қаласында алғаш рет хоккейден «QAZAQSTAN KUBOGY – 2026» республикалық турнирі өтеді.
Ауқымды спорттық дода 27 - 30 тамыз аралығында Түркістан қаласындағы Мұз сарайында ұйымдастырылады.
Турнир аясында еліміздің әр өңірінен келген жас хоккейшілер мұз айдынында өзара бақ сынап, жеңіс үшін тартысқа түседі.
Спортшылардың шеберлігі мен командалық ойын үлгісін тамашалап, жергілікті хоккейшілерге қолдау көрсетуге шақырамыз!

Өтетін орны: Мұз сарайы.
Түркістандағы хоккей додасына бірге куә болайық!