«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 500 БАЛАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 500 БАЛАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
Жаңа оқу жылы қарсаңында Түркістан қаласында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында мерекелік іс-шара өтті.
Жиынға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов пен Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев қатысып, оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады.
Іс-шара барысында қала әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының атынан балаларға ізгі тілегін жеткізіп, жаңа оқу жылына қажетті мектеп формалары мен құралдарын табыстады.
Балалардың жаңа оқу жылын жақсы көңіл күймен бастап, білім алуға қажетті жағдаймен қамтамасыз етілуіне бағытталған шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасып, балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.