ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ
Тұрғындардың өтініштерін қарау және көтерілген мәселелер бойынша нақты шешім қабылдау мақсатында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауға алдын ала жазылған 12 азаматтың 16 мәселесі енгізілді. Тұрғындар тұрғын үймен қамту, табиғи газ, ауыз су, электр энергиясы, кәріз жүйесі, жол, көше жарығы, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайына қатысты мәселелерін көтерді. Сонымен қатар инвестициялық жоба бойынша ұсыныс қаралды.
Жеке қабылдау барысында әрбір өтініш бойынша жауапты сала басшыларының ақпараты тыңдалып, мәселелерді шешу жолдары мен іске асыру мерзімдері талқыланды.
Қала әкімі жауапты мамандарға тұрғындардың әрбір өтінішін мұқият зерделеп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Сонымен бірге нақты мерзімі белгіленген жұмыстардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етіп, олардың барысын тұрақты бақылауда ұстауды міндеттеді.
Тұрғындар көтерген мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, әр өтініштің орындалу нәтижесі бақылауда болмақ.