Бүгін Түркістан қаласы әкімдігі аппаратының басшысы Қуаныш Әлібековтің төрағалығымен аппараттың мемлекеттік қызметшілері мен келісімшарт негізінде жұмыс істейтін қызметкерлердің қатысуымен мәжіліс өтті.
Жиынның күн тәртібінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселесі қаралды.
Мәжілісте қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық мәдениеті, қызметтік тәртіп пен жауапкершілікті арттыру мәселелері талқыланды.
Аппарат басшысы әрбір қызметкердің қызметтік міндеттерін сапалы орындап, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік пен сыпайылық танытуы, мемлекеттік қызметтің беделіне сай әрекет етуі қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің заң талаптарын және қызметтік әдеп қағидаларын қатаң сақтауы, жұмыс барысында жауапкершілік пен кәсібилік танытуы жөнінде нақты тапсырмалар берілді.