ТҮРКІСТАНДА КУРЬЕР ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРУГЕ УАҚЫТ ТАПТЫ

ТҮРКІСТАНДА КУРЬЕР ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРУГЕ УАҚЫТ ТАПТЫ
Түркістан қаласында Құрылтай сайлауына келіп дауыс берген курьердің бейнесі көпшілік назарын аударды. Тапсырыстарын жеткізіп, уақытпен санасып жүрген курьер сайлау учаскесіне арнайы аялдап, азаматтық міндетін орындады. Үстінде жұмыс киімі, арқасында үлкен термосөмкесі, қолында телефоны бар ол дауыс беруге асыққан сәтін көрсетті.
Курьерлік қызметте уақыттың әр минуты маңызды. Соған қарамастан ол жұмыс барысын тоқтатып, сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасаған. Бұл еңбекпен қатар азаматтық жауапкершілікті де ұмытпау маңызды екенін аңғартады. Бүгінде түрлі салада еңбек ететін азаматтар ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға қатысып, өз ұстанымын білдіруде. Олардың қатарында кәсіпкерлер, жұмысшылар, қызметкерлер, жастар, спортшылар мен шығармашылық сала өкілдері бар.
Айта кетейік, Түркістан қаласында 68 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 66-сы ашық, 2-еуі жабық. Қала бойынша 136 602 сайлаушы дауыс беру құқығына ие.