БҮГІН – ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ТЕГІН ҚАТЫНАЙДЫ

БҮГІН – ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ТЕГІН ҚАТЫНАЙДЫ
Бүгін, 23 тамыз күні Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтуде.
Осы маңызды саяси науқан күні Түркістан облысының бірқатар қала-аудандарында тұрғындардың сайлау учаскелеріне еркін әрі кедергісіз жетуіне жағдай жасау мақсатында қоғамдық көлік қызметі тегін ұйымдастырылады.
Түркістан қаласында 68 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде 2 жабық сайлау учаскесі бар.
Бүгін тұрғындар сайлау учаскелеріне қоғамдық көлікпен тегін қатынай алады.
Әр азаматтың өз таңдауын жасауына қолайлы жағдай қалыптастыру – ортақ міндет.