МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҮЙДЕ АЛУҒА БОЛАДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҮЙДЕ АЛУҒА БОЛАДЫ
Қазақстандықтар ХҚКО-ға бармай-ақ, бірқатар мемлекеттік қызметті «Дербес менеджердің үйге баруы» сервисі арқылы ала алады.
2026 жылдың жеті айында бұл қызметті шамамен 1,5 мың азамат пайдаланған. Көш бастап тұрған өңірлер: Алматы қаласы – 296 рет, Атырау облысы – 277, Қызылорда облысы – 259 рет.
Сервис арқылы маман азамат көрсеткен мекенжайға барып, кеңес береді, құжаттарды қабылдап, мемлекеттік қызметті рәсімдеуге көмектеседі. Қызмет құны – 7 447 теңге. Бұл сома мемлекеттік бажға кірмейді.
Сервиске «ЦОН» мобильді қосымшасы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ресми сайты немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш беруге болады.
Алайда паспорт пен жеке куәлікті рәсімдеу, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО қызметтері бұл сервис арқылы көрсетілмейді. Аталған қызметтер үшін азаматтың жеке қатысуы қажет.