ТҮРКІСТАН КОМАНДАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ CASPIAN HACKATHON ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

ТҮРКІСТАН КОМАНДАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ CASPIAN HACKATHON ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Түркістан қаласының атынан қатысқан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің командасы Ақтау қаласында өткен International Caspian Hackathon халықаралық байқауында жеңімпаз атанды.
Байқау «Caspian Sea Action Week – 2026» халықаралық іс-шарасы аясында ұйымдастырылып, оған 8 елден 80 команда қатысты. Қатысушылар экология, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны мониторингілеу, мұнай-газ саласы және қаржылық қауіпсіздік бағыттарында заманауи цифрлық әрі технологиялық шешімдерін ұсынды.
Түркістандық команданың жеңісі — жастардың жоғары деңгейдегі дайындығын, цифрлық құзыреттерінің дамығанын және өңірдің инновациялық әлеуетінің жоғары екенін көрсететін маңызды жетістік.
Халықаралық додада Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті командасының топ жаруы — Түркістан жастарының білімге, технологияға және инновацияға деген қызығушылығы артып келе жатқанын айқын көрсетеді.