Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы Қуаныш Әлібековтің төрағалығымен кезекті жұмыс мәжілісі өтті.
Жиында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тұрғындармен көшпелі кездесулерінде берілген тапсырмалар мен көтерілген мәселелердің орындалу барысы талқыланды. Атқарылған жұмыстар сараланып, орындалған тапсырмалар, заң талаптарына сәйкес түсіндірілген мәселелер және орындалу мерзімі бақылауда тұрған жұмыстар қаралды.
Мәжілісте тұрғындардың өтініштерін уақытылы әрі сапалы орындау, әрбір мәселеге нақты жауап беріп, кері байланысты күшейту қажеттігі айтылды.
Жиын қорытындысында жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына қала әкімі жүктеген тапсырмаларды белгіленген мерзімде сапалы орындап, орындаушылық тәртіпті күшейту тапсырылды.