Концерттік бағдарламада Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнер ұжымдары мен әншілері өнер көрсетті. Атап айтқанда, «Яссы» халықтық би ансамблі, «Семсер» және «Арнау» топтары, «Ай-Дана» дуэті, сондай-ақ Оразкүл Дәулетова, Досымжан Айдаров, Елнұр Досжанов, Қожа Аманбаев, Мадина Ералиева, Дана Индемесова және Райым мен Дана өздерінің үздік шығармаларын орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.