ҚАЛА ӘКІМІ ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ӘСКЕРИ ҚАЛАШЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚАЛА ӘКІМІ ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ӘСКЕРИ ҚАЛАШЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Елдің қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық нысандардың құрылысы – мемлекет назарындағы маңызды жобалардың бірі. Осы ретте Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери қалашықтың құрылыс алаңына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Болашақта мұнда еліміздің әр өңірінен келген Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен сарбаздары қызмет атқарып, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы міндеттерін орындайтын болады.
Нысанды аралау барысында қала әкімі жауапты мамандармен жиын өткізіп, құрылыс жұмыстарының қарқынымен және инженерлік инфрақұрылымның жүргізілу барысымен танысты. Сонымен қатар аумақты абаттандыру, кіреберіс жолдар мен коммуналдық желілерді уақытылы аяқтау мәселелеріне ерекше назар аударды.
Жобаға сәйкес әскери қалашықтың жалпы аумағы 10 гектардықұрайды.
Әскери қалашықтың құрылысы өңірдің қорғаныс әлеуетін арттыруға, әскери қызметшілер үшін қолайлы жағдай жасауға және Түркістан қаласының инженерлік инфрақұрылымын дамытуға ықпал ететін маңызды жобалардың бірі болып табылады.