ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЖАНАШЫРЛЫҚ ТАНЫТУЫ МАҢЫЗДЫ

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЖАНАШЫРЛЫҚ ТАНЫТУЫ МАҢЫЗДЫ
Рашид Абатұлы "Отырар" ықшамауданындағы 30-ға жуық тұрғынмен жеке қабылдау өткізді. Абаттандыру жұмыстары 32 секторға бөлінген облыс орталығында қазіргі уақытта жасыл желектер егу жұмыстары жүргізілуде. Шаһар басшысы аудандар сый ретінде жасап жатқан жұмыстарға қала тұрғындарына атсалысуға шақырып, күтім жасауды өтінді.
Тұрғындар тарапынан кей көпқабатты үй суағарларының ажырап, судың үй қабырғасына өту мәселесімен келген тұрғынның өтініші бойынша, жуық арада кәсіпкерлер есебінен жөнделетіні айтылды. Сонымен қатар, үйлер арасында жылдамдық асырмас үшін жасанды жол кедергісін қою және өз қалауларымен тал егіп жатқан аумақ тұрғындарына "Жасыл Түркістан" мекемесі көмек көрсететін болды. Одан өзге,жылу мәселесімен келген азаматтармен "Жылу" МКК басшысы Ерғазы Рысбеков жеке сөйлесіп, сауалдарын назарына алды.
Рашид Абатұлы кездесуден соң айтылған мәселелерді тұрғындармен бірге қарап, жауапты мамандардың тиісінше жұмыс жүргізуі бойынша тапсырма берді.