ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ – ӘКІМДІК НАЗАРЫНДА: ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ – ӘКІМДІК НАЗАРЫНДА: ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Тұрғындармен ашық байланыс орнатып, олардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдау, көтерілген мәселелердің шешімін табу – жергілікті атқарушы органдар жұмысының негізгі бағыттарының бірі.
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы кезекті жеке қабылдау өткізіп, қала тұрғындарын алаңдатқан мәселелерін тыңдады. Қабылдауға алдын ала жазылған 20 азаматтың 33 мәселесі қаралды.
Кездесу барысында тұрғындар көпқабатты тұрғын үйлердің басқару жүйесі, тұрғын үй кезегіне қатысты мәселелер, аулалардың тазалығы мен күтіп-бапталуы, абаттандыру жұмыстары, жұмысқа орналасу, денсаулық сақтау, сондай-ақ әлеуметтік және тұрмыстық бағыттағы өзекті мәселелерін жеткізді.
Қала әкімі әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің барлығы заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын атап өтті.
«Тұрғындардың әрбір өтініші біз үшін маңызды. Қаладағы жайлы орта ең алдымен тұрғындарды алаңдатқан мәселелерді уақытылы шешуден басталады. Сондықтан әр кез жылдам, әрі нәтижелі шешуге жұмыс жасап келеміз. Дегенмен кей мәселе заң аясында, кезең-кезеңімен шешіледі», – деді Әзімбек Пазылбекұлы.
Жалпы жыл басынан бері қала басшысының азаматтарды 19 жеке қабылдауы өтсе, ондағы көтерілген 70 пайыз мәселе бүгінде шешімін тапқан.
Әзімбек Пазылбекұлы тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары әкімдік жұмысының басты назарында екенін атап өтіп, халықпен кездесулер, тұрақты диалог жалғасатынын жеткізді.