25 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында Түркістан қаласында алғаш рет хоккейден QAZAQSTAN KUBOGY өтеді.
Бұл – еліміздің үздік командалары бас қосатын, тартыс пен эмоцияға толы ірі хоккей додасы.
Мұз айдынындағы қызу бәсекені жіберіп алмаңыз! Кәсіби хоккейдің ерекше атмосферасын сезініп, сүйікті командаңызға трибунадан қолдау көрсетіңіз.