Енді жеке үй мен коммерциялық нысан иелері өз аумағынан бөлек, үйінен 5 метрге дейінгі іргелес аумақтың тазалығына да жауап береді.
Не өзгерді?
- 5 метрлік іргелес аумақ заңмен нақты бекітілді.
- Қоқыс, арамшөп, қар мен мұзды тазалау міндетті.
- Қоршау сыртында құрылыс материалдарын, отын, тыңайтқыш, тіркеме немесе көлікті ұзақ уақыт қалдыруға болмайды.
- Үйдің нөмірлік белгісі болуы, қасбет пен қоршау күтімді болуы тиіс.
- Құрылыс қоқысын тек арнайы орындарға шығару қажет.
Айыппұлдар:
- Абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін – 20 АЕК (86 500 теңге) бастап.
- Ортақ аумақты ластағаны үшін – 10 АЕК (43 250 теңге) немесе қоғамдық жұмыс.
- Қайталанса, жаза күшейеді.
Хаттаманы енді полициямен қатар әкімдік инспекторлары да толтыра алады.
Ең маңыздысы: 5 метрлік аумаққа қоқысты басқа біреу тастап кетсе де, оны тазалау міндеті меншік иесіне жүктеледі. Айыппұл төлегеннен кейін де қоқыс тазаланбаса, қайтадан жауапкершілікке тартылады.