ҚАЛА ӘКІМІ: БЮДЖЕТ ТҮСІМІ ДЕ, ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ТА НАҚТЫ НӘТИЖЕМЕН ӨЛШЕНЕДІ

ҚАЛА ӘКІМІ: БЮДЖЕТ ТҮСІМІ ДЕ, ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ТА НАҚТЫ НӘТИЖЕМЕН ӨЛШЕНЕДІ
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте жергілікті бюджет кірістерінің орындалуы мен 2026–2027 жылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жан-жақты сараланды.
Жиында биылғы жылдың алғашқы алты айындағы салық түсімдерінің орындалуы талданып, бюджет кірісін арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігі атап өтілді. Қала әкімі бюджет кірісі – жай ғана қаржылық көрсеткіш емес, қаланың тұрақты дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын айқындайтын маңызды фактор екенін айтып, жауапты сала басшыларынан нақты нәтиже талап етті.
Осыған байланысты салықтық резервтерді толық пайдалану, рәсімделмеген жер учаскелерін заңдастыру, сондай-ақ өзге өңірлерде тіркелген мемлекеттік мекемелер мен заңды тұлғаларды Түркістан қаласына тіркеу жұмыстарын жеделдету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Мәжілісте алдағы жылыту маусымына дайындық барысы да кеңінен қаралды. Қаладағы жылу жүйелерінің жай-күйі, қысымдау жұмыстарының орындалуы мен жылу желілерін жаңғырту барысы сараланды.
Әзімбек Пазылбекұлы «Қысқа дайындық қағаз жүзіндегі есеппен емес, нақты нәтижемен бағалануы тиіс» екенін атап өтіп, көрсеткіштер белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
Сондай-ақ, жауапты мекемелерге қысымдау жұмыстарын толық аяқтауды, әлеуметтік нысандарда анықталған кемшіліктерді жоюды және жылу желілерін жаңғырту жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды міндеттеді.