ТҮРКІСТАН ТҰРҒЫНДАРЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫН БІРГЕ ТАМАШАЛАДЫ

ТҮРКІСТАН ТҰРҒЫНДАРЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫН БІРГЕ ТАМАШАЛАДЫ
Түркістан қаласында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық ойыны «Түркістан Арена» спорт кешенінде үлкен экраннан тікелей көрсетілді. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жанкүйерлермен бірге финалдық кездесуді тамашалап, спорт сүйер қауыммен қуанышты сәтті бөлісті.
Финалда Испания құрамасы Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңіп, 16 жылдан кейін қайтадан әлем чемпионы атанды. Жеңіс голын 106-минутта Ферран Торрес соқты.
Айта кетейік, биылғы әлем чемпионаты тарихта алғаш рет АҚШ, Канада және Мексикада қатар ұйымдастырылып, оған рекордтық 48 құрама қатысты. Турнир аясында барлығы 104 матч өткізілді.