Түркістан қаласы аумағында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-бабына сәйкес белгіленбеген орындарда сауда жасау деректерінің алдын алу және заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Рейд барысында уәкілетті мекемелердің қызметкерлері заң талаптарын бұзған азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, белгіленбеген орындарда сауда жасаудың жауапкершілігі жөнінде ақпарат беруде.
Сонымен қатар, анықталған құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылдануда.